Форумға келген қаламгерлер қолтаңба береді

4 Қыркүйек 2019, 13:31
1688
Бөлісу:
Форумға келген қаламгерлер қолтаңба береді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада Азия елдері қаламгерлерінің І форумы басталды. Үш күнге жалғасатын форумда түрлі іс-шаралар өткізу жоспарланған. 

Солардың бірі – автограф сессия. Бірер минуттан кейін іс-шараға келген ақын-жазушылар қолтаңба таратады.

Бұған дейін форумда Нобель сыйлығының номинанттары Оңтүстік Кореядан келген Ко Ын, қатарлық Моза аль-Мальки, моңғолиялық Мэнд-Ооёо, Оңтүстік Азия халықаралық сыйлығының лауреаты, үндістандық Амар Митра, Әзербайжанның халық жазушысы Анар Расул Рзаев, ASEAN сыйлығының лауреаты, малайзиялық Мұхаммад хаджи Саллех, Қазақстанның халық жазушысы, ақын Олжас Сүлейменов, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Төлен Әбдік және тағы басқа спикерлер баяндама жасады. 

Бүгін қаламгерлер Нұр-Сұлтан қаласының көрнекті жерлерін аралап, Қазақстан президентінің атынан берілетін салтанатты кешкі асқа барады.

Жалпы, форум бағдарламасында TED форматындағы «ASIAN LitTALKS» форсайт-сессиясы, көрнекті жазушылардың лекциялары, Қаламгерлер аллеясының ашылуы, Орталық Азия жазушылары мен жас қаламгерлердің шығармашылық кездесуі және тағы басқа іс-шаралар бар. 
Қаламгерлер форумының қорытындысы бойынша делегаттар Азия әдебиетінің дамуына байланысты Үндеу жарияламақ.

Өзгелердің жаңалығы