«Qaisar» әскери-патриоттық ойындары мәресіне жетті

«Qaisar» әскери-патриоттық ойындары мәресіне жетті
886

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жасөспірімдердің бойындағы жауынгерлік рухты сынға салатын «Qaisar» әскери-патриоттық ойындары өз мәресіне жетті. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі.

Елдің түкпір-түкпірінен 1700-ге жуық жоғары сынып оқушысы қатысқан сайыстың ақтық сынына небәрі 100 бала өтіпті. Олар екі күн бойы жүзу мен кедергілерден өту бойынша сынға түсті. Сондай-ақ «Менің елім Қазақстан» тақырыбында әскери-тарихи викторинаға қатысты. Ойынның қорытындысы бойынша бірінші орынды Маңғыстау, екінші орынды Қарағанды облысының оқушылары жеңіп алды. Ал үшінші орын Шығыс Қазақстан облысының командасына бұйырды.  

«Qaisar» әскери-патриоттық партиялық жобасының негізгі мақсаты – жастардың бойында қазақстандық патриотизмді дамыту. Осы 2 аптаның көлемінде жобаның аясында Қазақстанның барлық аймақтарында жастар белсене қатысты. Нақты жоспарымыз бар. Жыл соңына дейін Қайсар әскери патриоттық жобасының аясында 25 мың жастарды қамтимыз деген жоспарымыз бар, – деді Amanat партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы