Қабылданған реформалар еліміздің өркендеуіне сеп болады – құтқарушы

2 Қыркүйек 2023, 14:08
859
Бөлісу:
Қабылданған реформалар еліміздің өркендеуіне сеп болады – құтқарушы
Фото: спикердің жеке архиві

ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау сержанты Елдар Қанафиянов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Жыл сайын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында мазмұнды, мағыналы бастамалар көтерілетініне куә болып жүрміз. Кеше Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысып, Жолдауды тыңдадым. Жолдауда Президент біраз тапсырма беріп, екі министрлік құрылытанын айтты. Бүгінгі күні елімізде ғана емес, сонымен бірге әлемде экологиялық мәселелер өзекті болып отыр. Оның ең бастысы - су мәселесі, - деді құтқарушы.

Қанафиянов атап өткендей, Президент суды үнемдеуге шақырды.

Судың да сұрауы бар екені рас. Сондықтан Президенттің суды шамадан тыс қолданатындарға тарифті көбейтуге қатысты ұсынысы дұрыс, - дейді ол.

Елдар Қанафиянов ең төменгі жалақының 85 мың теңгеге көтерілгеніе ерекше атап өтті.

Қабылданған реформалар еліміздің өркендеуіне сеп болады, - деп айтты құтқарушы.

Өзгелердің жаңалығы