ПТР-сынамаларын тапсыру тегін бола ма?

8 Шілде 2021, 17:21
2393
Бөлісу:
ПТР-сынамаларын тапсыру тегін бола ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова айтты. 

Оның айтуынша, мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен ПТР-сынамасы тегін жасалатын 12 санат анықталған.
Бұл санатқа клиникалық айқындалулары бар, вирус жұқтырған адамдармен байланыста болғандар, жүкті әйелдер жатады. Басқа тұлғалар үшін ПТР-сынаманы тегін тапсыру қарастырылмаған. Қазақстандықтардың вакцина салдыруды немесе ПТР-сынама тапсыруды таңдауға құқығы бар. Егер вакцинациялау тегін болса, ПТР тапсыру мемлекет бюджетіне қаржыландырылмайды, - деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы.
Оның айтуынша, вакцинациялаудың көп жылдан бері қалыптасқан тәжірибесі инфекциялық аурулармен күресте вакциналаудан артық қоғамдық денсаулық сақтау саласында тиімді құрал жоқ екендігін көрсетіп отыр.
Індетпен күресте негізгі күш аурудың қатерін, ауруханаға жатқызу, өлім-жітімнің алдын алуға бағытталған. Вакцинация Конституция шеңберінде ТМККК кіреді, - деп атап өтті Айжан Есмағамбетова.
Бұған дейін Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Қазақстанда 1 күн ішінде 161 мың адам вакцина алғанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы