Қазақстанда 1 күн ішінде 161 мың адам вакцина алған

8 Шілде 2021, 17:08
3794
Бөлісу:
Қазақстанда 1 күн ішінде 161 мың адам вакцина алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов хабарлады. 

Оның айтуынша, соңғы жеті күн шінде «дельта» штамының таралуы өткен аптаға қарағанда еліміздің барлық өңірінде артқан. Сырқаттану көрсеткішінің өсімі 1,9 есеге көбейді деген ол вакциналау қарқынды жүргізіліп жатқанын алға тартты. Күнде еліміз бойынша орта есеппен 60-80 мың адам екпе салдырады екен. 

8 шілдедегі жағдай бойынша, І компонентті 113 мың адам, ІІ компонентті 48 мың адам салдырған. Мәселен, кеше ғана бір күн ішінде республикамыз бойынша 161 мың адам вакцина алған. Осындай көрсеткішпен вакциналаудың мөлшерін 2 млн-ға дейін жеткізу жоспарда бар, - дейді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, республика бойынша төсек-орын жүктелімі – 37%, ал реанимациялық төсектердің жүктелімі – 32%-ды құрап отыр.

Соңғы деректерге сүйенсек, Қазақстанда 35 554 адам КВИ ем қабылдауда. Оның ішінде: 709 адамның жағдайы ауыр, 161 науқастың жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 91 адам жасанды тыныс алу аппаратының көмегімен дем алуда.

Өзгелердің жаңалығы