Психолог жұлдыздар неге жиі ажырасатынын түсіндірді

9 Тамыз 2023, 19:37
784
Бөлісу:
Психолог жұлдыздар неге жиі ажырасатынын түсіндірді
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив

Жақсы келбет, қартаймайтын тері, сәнді гардероб - жақсы өмірге кепілдік бермейді. Психолог Дженнифер Ковальски әйгілі жұлдыздардың неге тез ажырасатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ The Independent басылымына сілтеме жасап.

Ковальскидің айтуына қарағанда, көптеген қарапайым отбасылардағы сияқты, жұлдызды жұптартардың да арасында ұқсас қиындықтар болады.

Табысты болу үшін сіз бір-біріңізбен тіл табыса білуіңіз керек. Бастысы, қарым-қатынас тұрақты болған жөн. Бір-бірінің жанынан әркез табыла білу керек, - дейді психолог.

Маман танымал адамдардың көп уақытын серіктестерінен алшақ өткізуге мәжбүр болатынын айтады.

Ерлі-зайыптыларда адамдар бірге өсіп, бірге дамиды. Серіктестер арасында ұзақ қашықтық болған кезде не болады? Олар бір-бірінен бөлек дамиды, бөлек ортада жүреді. Мен олардың қайта кездескен кезде бір-бірін шынымен таниды деп ойламаймын, - деп санайды ол. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, маман кофенің ер адам денсаулығына әсері туралы айтты.

Өзгелердің жаңалығы