Маман кофенің ер адам денсаулығына әсері туралы айтты

9 Тамыз 2023, 15:21
843
Бөлісу:
Маман кофенің ер адам денсаулығына әсері туралы айтты
Фото: Артём Чурсинов - архив

The Sun басылымына берген сұхбатында фармацевт Аббас Канани ерлердің денсаулығына пайдалы өнім туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Маманның айтуынша, кофе ерлердің орталық жүйке жүйесіне және эрекция сапасына оң әсер етеді.

Кофе мүше тіндеріндегі қан ағымының жоғарылауы, эрекцияға қол жеткізу және оны сақтауда маңызды рөл атқарады. Кофедегі (кофе құрамында бар) азот оксиді қан тамырларының босаңсуы мен кеңеюінде шешуші рөл атқарады. Бұл өз кезегінде жыныс мүшесіне қан ағымын қамтамасыз етеді және эрекцияның жақсаруына көмектеседі, - деді фармацевт Аббас Канани. 

Ғалымдар күніне екі-үш кесе кофе ішетін ер адамдарда эрекция проблемалары 40 пайызға аз болатынын анықтады.

Өзгелердің жаңалығы