Проблема болып тұр. Министр Тұрғымбаев Сенатқа келді

18 Наурыз 2021, 10:31
1570
Бөлісу:
Проблема болып тұр. Министр Тұрғымбаев Сенатқа келді

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Ұрланған автокөлік қылмыстарын ашу және көліктерді қайтару бойынша ТМД-ға мүше елдер арасындағы келісімге өзгерту енгізу туралы хаттаманы бекіту» заң жобасы қабылданды.

Хаттаманың негізгі мақсаты – ұрланған автокөлік иелерінің құқықтарын қорғау.

Келісімді бекіту бірқатар мәселелерді шешеді. Мәселен, осы кезге дейін ұрланған 223-дан астам көліктің тек  30% (66 бірлік) елге қайтарылған. Өйткені, сұрау салу нормалары дұрыс жұмыс істемейді.

Бұл кемшіліктерді жою үшін құжатқа жаңа нормалар енгізілді,- деді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Оның айтуынша, енді ереже бойынша сұрау салуды орындауға бір ай уақыт беріледі.Сондай-ақ сұрау салу  бойынша ақпарат ұсынудан бас тарту үшін нақты негіз қажет.

Сонымен қатар, хаттамада:

- жол-көлік, өрт және табиғи апаттан зардап шеккен автокөліктер туралы мәлімет беру;  

- кеден органдарымен ақпарат алмасу;

- 1 жыл ішінде сұрауы жоқ  автокөлік, қай жерде анықталса, сол мемлекеттің меншігінде қалдыру мәселелері қарастырылған.

Бұл жерде бір ескертпе бар. Біздің мемлекетте шекарадан өтетін көліктер туралы ортақ ақпараттық деректер базасы жоқ. Сондықтан бұл норма Қазақстанға қолданылмайды. Бұл заң жобасы 2020 жылғы сәуірде Парламентте қаралды және оның «1969 жылғы Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясына» сәйкес еместігі анықталды. Яғни, ескерту тікелей заң жобасының мәтінінде жазулуы керек,- дейді министр.

Оның айтуынша, Қазақстан заң жобасын одан әрі пысықтау үшін кері қайтарып алу туралы құқықты пайдаланған.

Ол  2020 жылдың қазан айында Мәжіліс Парламенттің қарауына қайта енгізілді. Бүгінде ТМД елдерінің арасында автокөліктерді ұрлау проблема болып тұр. Осы келісімді бекіту - азаматтардың құқығын қорғап, ұрланған көліктерді қайтарудың жолын жеңілдетеді,- дейді Тұрғымбаев.

Бұл хаттамаға 6 елдің Ішкі істер министрлері қол қойған.Олар: Ресей, Тәжікстан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова.


Өзгелердің жаңалығы