Президенттің реформалары іске асырылуда

15 Сәуір 2021, 10:16
2054
Бөлісу:
Президенттің реформалары іске асырылуда

Алматы, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев президенттікке келген екі жылда көптеген салада кең ауқымды реформа жүргізілді. 

Саяси шешімдерінің ішінде атап өтуге болатын жайтттың бірі Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру болды. Соның арқасында билік пен қоғам арасында тікелей диалог орнады. Бұл туралы саясаткер Александр Чеботаревтің сараптамалық баяндамасында айтылды.

Сарапшы өз жұмысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүйелік реформалары мен бастамалары хронологиясын егжей-тегжейлі көрсеткен.

Президенттің бірінші саяси реформасы аясында бірнеше заң қабылданды. Оның ішіндегі ең бастысы Бейбіт жиындар өткізу туралы қабылданған заң деп санаймын. Саяси реформаның екінші, үшінші пакетінде биылдан бастап ауылдық жерде әкім сайлауын өткізу қарастырылған. Президент одан кейін аудандық әкімдердің сайлауын өткізуді қарастыратынын айтты. Оған қоса экономикалық, әлеуметтік сала бойынша да жетістіктер бар,-дейді Александр Чеботарев.

Президент екі жыл ішінде бірнеше саяси реформа пакетін іске қосты. Оның біріншісі 2019 жылдың желтоқсан айында іске асырылды. Бұл саяси партияларды тіркеудегі кедергілерді азайту, партия мүшелерінің құрамында әйелдер мен жастар 30 пайызын құрау керек деген жеңілдік. Сондай-ақ митинг туралы жаңа заң және тағы басқалары.

Қазір 2020 жылдың қыркүйегінде айтылған саяси реформалардың екінші бөлігі белсенді түрде іске асырылып жатыр. Ондағы басты бастамалардың бірі ауылдық жердегі әкімдерді тікелей сайлау арқылы таңдау және адам құқығын қорғауға арналған бірнеше заң бар. 

Үшінші саяси реформаны Президент осы жылдың қаңтар айында таныстырды. Ол аудан әкімдерін сайлау, партиялардың сайлаудан өту шекті дауысты 7-ден 5 пайызға дейін төмендету және дауыс беру бюлетеніне «бәріне қарсымын» деген тізбекті енгізу. 

Президенттің саяси мәселелр бойынша көмекшісі Ерлан Қариннің айтуынша, бұл бастамалар бойынша заң жобалары әзірленген.

Өзгелердің жаңалығы