Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Вашингтонға жұмыс сапарымен барды

13 Желтоқсан 2021, 16:19
1218
Бөлісу:
Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі  Вашингтонға жұмыс сапарымен барды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы 8-10 желтоқсанда Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан Вашингтонға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

 

Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі  Вашингтонға жұмыс сапарымен барды
Ақ үйдің, Мемлекеттік департаменттің және АҚШ Конгресінің ресми өкілдерімен өткен келіссөздер екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылауға, бірқатар халықаралық проблема бойынша, оның ішінде аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтауға, пандемияға қарсы іс-қимыл және климаттың өзгеруіне қарсы күреске бағытталған мәселелер бойынша пікір алмасуға мүмкіндік берді. Арнаулы өкіл Қазақстандағы саяси және экономикалық реформаларға қатысты мәселеге ерекше назар аударды. Кездесу қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан мен Вашингтон арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі жандандыру жөнінде нақты келісімдерге қол жеткізілді.
Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі  Вашингтонға жұмыс сапарымен барды
АҚШ Мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары мәселелері жөніндегі орынбасары У.Зея Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың адам құқықтары мен бостандықтарын, заң үстемдігін жан-жақты қамтамасыз етуге және мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жандандыруға бағытталған реформаларының тиімді іске асырылып жатқанына қолдау білдірді. Тараптар 2022 жылы Адам құқықтары бойынша жоғары деңгейдегі екіжақты диалогты бастау туралы уағдаластыққа қол жеткізді. 
Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі  Вашингтонға жұмыс сапарымен барды
 Мемлекеттік департамент басшылығымен кездесу барысында саяси және экономикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастық, «С5+1» форматындағы өңірлік диалогты нығайтудың перспективалары, сондай-ақ Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға жәрдемдесу мәселелері талқыланды. Америкалық тарап Қазақстанның ауған халқына іс-жүзінде көрсеткен гуманитарлық көмегін, сондай-ақ Нұр-Сұлтанның Ауғанстандағы гуманитарлық дағдарысқа жол бермеу жөніндегі халықаралық күш-жігерді үйлестірудегі рөлін жоғары бағалады.  АҚШ Конгресінің мүшелері Э.Бер, Р.Адерхольт және С.Шаботпен өткен кездесулерде АҚШ Конгресінде Қазақстанның достары тобының әлеуетін барынша арттыра отырып, парламентаралық ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығына мән берілді. Америкалық парламентарилер Мемлекет басшысы жүргізіп жатқан саяси реформаларды жоғары бағалап, екіжақты өзараіс-қимылдың әлеуетін барынша ашуға жәрдемдесуге дайын екендіктерін жеткізді. 
Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі  Вашингтонға жұмыс сапарымен барды
 Сапар аясында Ержан Қазыхан Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және АҚШ-пен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға арналған Конвенцияның жұмысына қатысты. Мемлекеттік департаменттен, сауда министрлігінен, ЮСАИД-тен және АҚШ Сауда өкілі кеңсесінен келген іс-шара қонақтары мен қатысушылары, сондай-ақ Вашингтонның талдау орталықтарының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы, еуразиялық кеңістіктегі тұрақтылықты, қауіпсіздікті және орнықты дамуды қамтамасыз етудегі үлкен рөлін, Қазақстан-Америка стратегиялық әріптестігінің маңыздылығы мен нәтижелілігін, Нұр-Сұлтанның бірқатар халықаралық проблеманы шешуге өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті. 

Конвенцияның арнайы сессиясы Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық әріптестікке арналды. Қазақстанда жұмыс істейтін америкалық компаниялардың өкілдері Қазақстан үкіметінің шетелдік инвестицияларды тарту, сондай-ақ мемлекет пен инвесторлар арасындағы ашық диалогты қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерінің тиімділігін атап өтті.

Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі  Вашингтонға жұмыс сапарымен барды

Іс-шара аясында Орталық Азия және Кавказ Институты профессорлары Ф.Старр және С.Корнеллдың «Strong and Unique: three Decades of US-Kazakhstan Partnership» атты кітабының тұсаукесері өтті. Кітап Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап екіжақты қарым-қатынастардың даму тарихын қамтитын алғашқы кешенді зерттеу еңбегі болып табылады.

Сапар қорытындысы бойынша Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты қабылдау өтті.

 
Өзгелердің жаңалығы