Президенттің баспасөз хатшысы тағайындалды

12 Қыркүйек 2023, 19:28
2483
Бөлісу:
Президенттің баспасөз хатшысы тағайындалды
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ - архив

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының өкімімен Берік Уәли Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.

Берік Уәли 1977 жылы туған. 

Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын "Кинотанушы" мамандығы бойынша, сондай-ақ, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Журналистика" мамандығы бойынша магистратурасын және Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын "Таң" телекомпаниясы ақпараттық бағдарламасының корреспонденті болып бастаған, "НТК" телеарнасының шығарушы редакторы, "31-арнада" жауапты және бас редактор, "Хабар" агенттігінің ақпараттық бағдарламаларының редакторы-жетекші, Qazaqstan телеарнасының "1-студия" ток-шоуының жүргізушісі, "Нұр Медиа" Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталығының басшысы болып жұмыс істеді. Баспасөз қызметінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, "Нұр Отан" партиясы төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі, "Нұр Медиа" ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы, министрдің кеңесшісі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры, Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

2019 жылғы наурызда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

2022 жылғы 29 наурызда "Хабар" агенттігі" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.

 "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

Еске салсақ, осыдан бірер апта бұрын Ақордада ауыс-түйіс болды. 2022 жылдан бері Президенттің баспасөз қызметшісі қызметін атқарған Руслан Желдібай 2023 жылы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды. 6 қыркүйек күні оның орнына Нұрмұхамед Байғараев ауысқан еді. Дегенмен кеше денсаулығына байланысты Байғараев Президенттің баспасөз хатшысы лауазымынан босатылғаны хабарланды.

Өзгелердің жаңалығы