Президенттік жастар кадр резервінің бірінші кезеңінің қорытындысы белгілі болды

5 Қазан 2021, 10:04
8695
Бөлісу:
Президенттік жастар кадр резервінің бірінші кезеңінің қорытындысы белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің  «қабілеттерді тестілеу» кезеңінің мәтіндік тестілеу қорытындысы бойынша 8 және одан да жоғары балл жинаған  үміткерлер келесі кезеңге өтті. 

Олардың нәтижелері туралы ақпарат 4 қазан күнінің соңына дейін pk.rezerv.gov.kz платформасындағы әрбір үміткердің жеке кабинеттеріне жолданады.

Ал, 2021 жылғы 6 қазан күні Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің екінші кезеңінде үміткерлер сандық тестілеуден өтеді.  

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Мемлекеттік қызмет істері агенттігі  2021 жылы Президенттік жастар кадр резервіне екінші іріктеуді жүзеге асыруда.  Іріктеудің қорытындысы бойынша мемлекеттік сектор үшін 50 резервші алынатын болады.

Президенттік жастар кадр резервінің мақсаты – қоғамдық мүдделерді басшылыққа алатын жас таланттарды анықтау.

Іріктеуге осы жылы 8638 адам тиісті құжат тапсырып, тіркеуден өтті.

Өзгелердің жаңалығы