Президентке «Теңіз» кенішіндегі коронавирусқа қарсы күрес жұмыстары жайында баяндалды

21 Желтоқсан 2020, 15:33
1810
Бөлісу:
Президентке «Теңіз» кенішіндегі коронавирусқа қарсы күрес жұмыстары жайында баяндалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Имер Боннерді қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Теңізшевройл» компаниясының өндіріс орындары мен «Теңіз» кенішіндегі коронавирус індетіне қарсы күрес жұмыстары жайында баяндалды.

Кездесуде көмірсутегі секторындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы және компанияның алдағы 3-4 жылдағы даму перспективалары туралы айтылды.

Мемлекет басшысы «Теңізшевройл» компаниясы іске асырып жатқан жобаларда қазақстандық үлесті қамтамасыз етудің маңызды екеніне назар аударды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Имер Боннерге Қазақстанның мұнай-газ саласының дамуына қосқан үлесі және компаниядағы табысты жұмысы үшін ризашылығын білдірді.

 


Өзгелердің жаңалығы