Президент жылыту маусымына дайындықты тексеру үшін комиссия құруға тапсырма берді

1 Желтоқсан 2022, 08:45
1429
Бөлісу:
Президент жылыту маусымына дайындықты тексеру үшін комиссия құруға тапсырма берді

Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтің жетекшілігімен орталық және жергілікті атқарушы органдардың қысқы жылыту маусымына дайындығын тексеру үшін комиссия құруды тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Комиссияға Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтің жетекшілік етеді.

Комиссия құрамына Бас прокуратураның, Жоғары аудиторлық палатаның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.

Президент жұмысты он күн ішінде нақты қорытындылармен және ұсыныстармен аяқтауды тапсырды, – деп жазылған баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы