Президент Жолдауындағы 9 бағытттың әрқайсысы маңызды – ғалым

13 Қыркүйек 2024, 13:15
688
Бөлісу:
Президент Жолдауындағы 9 бағытттың әрқайсысы маңызды – ғалым
VIDEO
Фото: скрин

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 қыркүйектегі Жолдауына орай Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті жанындағы «Тұлғатану» ғылыми зерттеу орталығының директоры, тарихшы, ғалым Нұрсахан Ахметқызы пікір білдірді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Нұрсахан Ахметқызы Жолдауда көтерілген бағыттарға тоқталып, олардың әрқайсысының маңызды екендігін айтты.

Президентінің биылғы Жолдауының үлкен стратегиялық маңызы бар деп есептеймін. Әділетті Қазақстан, заң және тәртіп, қоғамдық оптимизм, қаржылық сауаттылық тақырыптары қозғалған Жолдаудың әр бағыты маңызды. Біріншіден, Президент елдің болашағы үшін алдымен өндіруші өндіріске көңіл бөлуді, яғни шикізат өндіріп қана қоймай одан жасалатын өнімдерді сыртқа шығару, саудалау мәселесін көтерді. Екінші мәселе, бұл ауылшаруашылығын дамытуға қатысты. «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдармасы соңғы кездері өзінің нәтижесін берді. Осыған орай агроғылымды дамыту, ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттау, сырттан келетін азық-түлікті азайту керектігі айтылды. Одан кейін еліміздегі бұрынғы су қоймаларының 60-70%-ның тозғандығына айрықша көңіл бөліп, үкіметке су қоймаларын жаңғырту, жаңа су қоймаларын салуға тапсырма берді, - дейді Н.Ахметқызы.

Ғалымның пікірінше, су шаруашылығына қажетті мамандар дайындайтын оқу орындарының ашылуы күн тәртібіндегі басты мәселе болмақ. Сондай-ақ, ғалым қоғамда қызу талқыланып жатқан АЭС құрылысына да тоқталды.

Еліміздің экономикасының дамуы үшін энергетикалық тәуелсіздік болу керек. Президент АЭС-тің экономикалық тиімділігіне тоқтала келе, оны салуды қарапайым халықтың өзі шешетіндігін айтты, - деді Нұрсахан Ахметқызы.

Видео: автордан
Өзгелердің жаңалығы