Президент Түркия Республикасын 100 жылдығымен құттықтады

30 Қазан 2023, 20:40
735
Бөлісу:
Президент Түркия Республикасын 100 жылдығымен құттықтады
PHOTO
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Түркия Республикасының 100 жылдығына арналған қабылдауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 100 жылдық мерейтоймен құттықтауын оқып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Түркия Республикасын 100 жылдығымен құттықтады

Бауырлас түрік халқын еліңіздің тарихындағы айтулы оқиға — Түркия Республикасыньң 100 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Тереңге жайылған асыл тарихынан, бай мәдени мұрасынан, халқының қайсарлығы мен даналығынан бастау алатын бүгінгі Анадолы қарқынды дамуға қол жеткізіп, жаһандық деңгейдегі көшбасшы әpi қуатты елдердің қатарына енгенін ерекше қуанышпен атап өтемін. Сіздің салиқалы да кереген саясатыңыз, қажырлы күш-жігеріңіз бен игі бастамаларыңыз еліңізді жаңа алтын ғасырға қадам бастап, биік мақсат-мұраттарға жетелей беруіне шынайы тілектеспін, – делінген Президент құттықтауында.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Түркияның берік достық пен өзара қолдауға негізделген қарым-қатынастары ағайын халықтарымыздың игілігі үшін кеңейтілген стратегиялық әріптестік рухында ғасырдан ғасырға жалғаса беретініне кәміл сенетінін айтқан.

Президент Түркия Республикасын 100 жылдығымен құттықтады

Ерлан Қошанов Қарағанды облысындағы шахтадағы қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан халқына қолдау білдіріп жатқан Түркия басшылығына және дипломатиялық корпус өкілдеріне алғысын жеткізді.
Палата төрағасы елдеріміздің Парламент деңгейіндегі және ТүркПА сияқты халықаралық алаңдар аясындағы ынтымақтастығына тоқталды.

Президент Түркия Республикасын 100 жылдығымен құттықтады

Сонымен қатар Мәжіліс спикері Түркияның 100 жылдық мерейтойына орай Астанада «Анадолы» көшесі, Шымкентте «Түркия» даңғылы мен саябағы, Алматыда Мұстафа Ататүрікке арналған ескерткіш ашылғалы жатқанын айтты. Ал 26 қазанда елордадағы «Ататүрік» саябағында Юнус Эмреге арналған еңселі ескерткіш ашылды.

Президент Түркия Республикасын 100 жылдығымен құттықтады
Өзгелердің жаңалығы