Президент Сиань қаласындағы Бас консулдықты салтанатты түрде ашты

19 Мамыр 2023, 12:54
905
Бөлісу:
Президент Сиань қаласындағы Бас консулдықты салтанатты түрде ашты
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Бас консулдықты қысқа мерзім ішінде ашуға қолдау көрсеткені үшін Қытай тарапына ризашылығын білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президент Сиань қаласындағы Бас консулдықты салтанатты түрде ашты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, бүгін – Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығы үшін тағы да бір аса маңызды әрі тарихи күн.

Президент Сиань қаласындағы Бас консулдықты салтанатты түрде ашты

Төраға Си Цзиньпинмен өте мазмұнды келіссөздер жүргіздік. Сондай-ақ бірлескен мәлімдеме жасалды, бірқатар маңызды келісімдерге қол қойылды. Шын мәнінде, бұл сапар қазақ-қытай ықпалдастығының «30 жылдық алтын дәуірін» бастады деуге болады. Әрине, бұл сапардың мән-мағынасы ерекше. Бүгін – Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығы үшін тағы да бір аса маңызды әрі тарихи күн. Біз Сиань қаласында Қазақстанның Бас консулдығын ашқалы тұрмыз. Бүгінде Сиань – «Бір белдеу – бір жол» экономикалық белдеуінің маңызды бекеті. Шэньси өлкесі және Сиань қаласы Қазақстанмен тығыз байланыс орнатқан. Солтүстік Қазақстан облысымен және Шымкент қаласымен бауырластық қатынас туралы келісімге қол қойылды. Бұл шаралар екі ел арасындағы барыс-келісті жандандыра түсері сөзсіз. Бас консулдық осы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға үлес қосады деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Президент Сиань қаласындағы Бас консулдықты салтанатты түрде ашты

Мемлекет басшысы Сианьда Бас консулдық ашу туралы тиісті жарлыққа 2022 жылы 5 қарашада қол қойған болатын. 

Консулдық ғимаратында дипломаттармен қатар Қазақстанның экономикалық мүддесін ілгерілету үшін ұлттық компаниялардың өкілдіктері де орналастырылады.

Өзгелердің жаңалығы