Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

7 Қараша 2022, 18:05
1579
Бөлісу:
Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

Қарақат Әбден «Суицидпен күрес жөнінде ұлттық стратегиялық жоспар» әзірлеуді ұсынды. Бұл туралы Жезқазған қаласында өткен арнайы дөңгелек үстел барысында белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Президенттігіне үміткер Қарақат Әбденнің бұл ұсынысын жиынға қатысқан сайлаушылар, психолог мамандар мен ювеналды полиция органдарының ардагерлері, аналар кеңесі мен ардагерлер кеңесінің мүшелері қолдады. Дөңгелек үстел барысында өзекті тақырып бойынша статистикалық мәліметтер келтірілді. 

2018-2022 жылдар аралығында 18 мыңға жуық адам өз-өзіне қол жұмсаса, 21 мыңнан астам қазақстандық өзіне қол салуға әрекет еткен. Белгілі болғандай, Қазақстан өз-өзіне қол жұмсау бойынша алғашқы 20 елдің қатарында болса, балалар мен жастар арасындағы суицид бойынша еліміз әлемде алғашқы үштікке кіреді. 

Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

«Бұл нағыз дабыл қағатын мәселе. Мұндай қайғылы көрсеткіштер бізден жүйелі жұмыс жүргізуді талап етеді, - деді Қ. Әбден. 

 Үміткер Қ.Әбден ел аймақтарын аралап, 11 қала мен бірнеше ауылдық елдімекенде 20-дан астам кездесу өткізді Алдағы уақытта ол Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Жамбыл облыстарының сайлаушыларымен кездесу өткізеді.

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова алты өңірде болды

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының 16 күнінде алты өңірде болды.

Ол Астанада, Қарағанды ​​облысында, Ақмола облысында, Түркістан облысында, Шымкент және Алматы қалаларында халықтың түрлі топтарымен кездесулер өткізді.

Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

16 күн ішінде штаб ұжымы қазақстандықтарды кандидаттың сайлауалды бағдарламасы мен жоспарларымен таныстыру үшін өте көп жұмыс істеді.

Салтанат Тұрсынбекова өзін ел Президенттігіне кандидат етіп ұсынған «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдеріне сайлау науқанында бүгінге дейін жасалған жұмыстар бойынша қорытынды есеп берді.

 Біз осы уақытқа дейін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына кандидаттар арасындағы ең аз қаржы сомасын жұмсай отырып, ОСК ақпаратына сәйкес ең үлкен нәтижелі жұмысты атқарыппыз. Бізді қолдаған барлық азаматқа алғысымызды білдіргіміз келеді. Дәл осы қарқынмен әрі қарай жұмысымызды жалғастыра береміз. Бізді қолдап, дауыс беретін сайлаушыларымыздың үмітін ақтаймыз деп сенемін, - деді ол.

Жигули Дайрабаев  майлы дақылдар шаруашылығы қызметкерлерімен кездесті

Президенттікке кандидат  Жигули Дайрабаев  Фарид Әбитаев басқаратын майлы дақылдардың тәжірибе шаруашылығы қызметкерлерімен кездесті. 

Ұжым бүгінде сүт өндіру және өсімдік шаруашылығы бойынша республикада өте жоғары көрсеткішке ие. Майлы дақылдардың тұқым шаруашылығы саласында жетекші орында. Өз селекциясын жүргізетін заманауи тәжірибе жасау алқаптары бар. Былтыр «Ауыл» партиясы, Фарид Әбитаев және майлы дақылдардың тәжірибе шаруашылығы «Жаңа Қазақстанға жаңа ауыл» бағдарламасы аясында ШҚО-ның шалғай аудандарында МДТШ есебінен жаңа жерлерді игеруге, шағын шаруа қожалықтарының кірісін арттыруға  жақсы мүмкіндік беретін, тауар өндірушілер үшін тегін майлы дақылдардың күнбағыс гибридін екті.

Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?


Кандидат Жигули Дайрабаев партияластарымен, МДТШ еңбек ұжымымен кездесу барысында тәжірибелік алқаптарды аралап, елімізді аграрлық державаға айналдыру үшін қорға осындай жақсы тұқымдар қажет екенін айтты. 
Кандидат бұдан кейін жергілікті голштин тұқымы өсірілетін, жоғары өнімділігімен танымал сүт және мал шаруашылығы кешеніне барды. Ұжым жоғары көрсеткішке сапалы менеджмент пен жақсы жем-шөп базасы арқасында жетіп отыр. Мұнда қызметкерлер тұрақты жалақымен қамтамасыз етілген.

Мейрам Қажыкен Ақтөбеде сайлаушылармен кездесті

Алғашында Ақтөбе рельс-арқалық зауытының қызметкерлерімен кездесті. 

Мейрам Қажыкен өзінің сайлауалды тұғырнамасының мақсат-мүдделерімен таныстырды. Ұсынылған барлық реформалар республиканың әрбір азаматының өмір сүру сапасын жақсартуға және оның құқықтары мен мүдделерін сақтауға бағытталғанын жеткізді. Кездесу барысында, әйелдердің зейнеткерлік жасының төмендеуі, қауіпті және зиянды еңбек жағдайларымен байланысты қызметкерлердің ерте зейнетке шығуы, жалақының ашық және айқын есебі жайлы тақырыптар қозғалды.

Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

Кандидат сөз барысында Германия елін мысал етіп, ол жақта ең төменгі жалақыны мемлекет емес, жұмыс берушілер қауымдастығы мен кәсіподақтар анықтайтынын айтты. 

Германияда екі негізгі құжат бар-тарифтік келісім және жеке еңбек шарты. Бірінші құжатта еңбек жағдайлары мен ең төменгі табыс мөлшері көрсетілген. Бұл келісім мемлекеттік органдарға бекітуге жіберіледі. Елдегі экономикалық жағдайға байланысты екі құжат, жалақыны кезең-кезеңімен ұлғайту жағына қарай қайта қаралады, - деп атап өтті кандидат.

Кездесу қорытындысы бойынша ол зауыт қызметкерлеріне өзінің сайлауалды тұғырнамасына қызығушылық танытып, қойған сұрақтары үшін алғысын білдірді.

 Нұрлан Әуесбаев Орал қаласында кездесу өткізді

ҚР Президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кандидат Нұрлан Әуесбаев Орал қаласындағы Батыс Қазақстан облыстық сайлауалды штабта кездесу өткізді.

2022 жылдың 7 қарашасында ҚР Президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кандидат Нұрлан Әуесбаев Орал қаласындағы Батыс Қазақстан облыстық сайлауалды штабқа барды.

Іс-шара барысында кандидат қала активімен кездесіп, өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі қаулылары жөнінде баяндап берді.

Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

Атап айтқанда, мемлекетте саяси реформаларды жүргізу қажеттілігіне тоқталды. Қазақстан алдында тұрған басты мәселе – парламенттік-президенттік республика құру. 

Кандидаттың пікірінше, билік бір адамның қолына шоғырланатын президенттік басқару үлгісінен бас тарту қажет. Үкімет адал, бәсекелес бизнестің дамуына мүмкіндік бермейтін олигархтарды емес, халықтың мүддесін қорғауы тиіс.

Одан бөлек, жемқорлықпен күресті күшейту керек: парақорларға қатысты максималды жаза орнатып, мерзімінен бұрын босату құқығынан айыру қажет.

Нұрлан Әуесбаевтың пікірінше, жемқорлықты жеңіп, мемлекеттің басқару жүйесін ауыстыру арқылы ғана елдің экономикалық гүлдеуіне қол жеткізуге болады. 

 

Өзгелердің жаңалығы