Президент Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

27 Қаңтар 2022, 15:53
1434
Бөлісу:
Президент Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақордада Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Онда ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін қайта құру және нығайту шаралары қарастырылды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта елдегі ахуал толығымен тұрақталғанын және құқықтық тәртіп қайта қалпына келгенін атап өтті. Тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің қорғалу деңгейін арттыру үшін барлық шара қабылданып жатыр.

Президент барлық мемлекеттік органдар өткен оқиғадан сабақ алуға тиіс екенін айтты. Жаңғыртылған ұлттық қауіпсіздік жүйесі сын-қатердің кез келген қиындығына төтеп беруге дайын болуы қажет.  

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Бұдан былай қылмыстық топтар мен террористер қалаларымызды басып алып, азаматтар мен олардың отбасыларының бейбіт өміріне қол сұғып, мемлекеттілігімізге қауіп төндірмеуі үшін шаралар қабылдауға міндеттіміз. Ұлттық қауіпсіздік жүйесін қайта құру ісінің мақсаты да осы, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қауіпсіздік Кеңесінің басшысы қауіпсіздікке жауап беретін барлық құрылымның өз жұмыстарын өзгертуі керек екенін атап өтті. Бұл ретте, олардың өзара іс-қимылдары барынша теңгерімді болуға тиіс.

Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздіктің барлық бағытын нығайту жөніндегі нақты шараларды кешіктірмей жүзеге асыруға кірісуді тапсырды. Қауіпсіздік Кеңесі отырысының барысында ұлттық қауіпсіздік жүйесін реформалауға бағытталған нақты шешімдер қабылданды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Өзгелердің жаңалығы