Президент мемлекет және қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаевтың отбасына көңіл айтты

14 Тамыз 2022, 17:43
1117
Бөлісу:
Президент мемлекет және қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаевтың отбасына көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Балташ Тұрсымбаевтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Балташ Молдабайұлы Тұрсымбаевтың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын. Балташ Молдабайұлы ұзақ жылдар бойы еңбек жасап, бірқатар жоғары лауазымды қызметтерді абыроймен атқарды. Қоғамымыздың дамуына бар күш-жігерін арнады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – делінген жеделхатта.

Өзгелердің жаңалығы