Президент халықтың көкейінде жүрген барлық мәселені айтты – депутат

14 Шілде 2022, 14:40
1804
Бөлісу:
Президент халықтың көкейінде жүрген барлық мәселені айтты – депутат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысына Төрағалық етуде. Үкіметке экономикалық дамудың барлық саласы бойынша сөгіс жарияланды десе болады.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров facebook-тегі парақшасында жазды.

Халықтың көкейінде жүрген барша әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша нақты кемшіліктер анықталып, жұмысты қалай жүргізу керекгі жөнінде бағыт-бағдар берілді.Бүгінгі күнгі ең басты проблема- бағаның шарықтап кетуі.Барша азаматтар осы проблемадан зардап шегуде. Бұл мәселені Президент "шегелеп айтты" десе болады, - деді ол. 

Мемлекет басшысы айтқан келесі мәліметтерге жүгінейік.

  1. Инфляция деңгейі 14,5 пайызға жетіп, 2015 жылғы деңгейден асып түсті.

2. Бағаның шарықтап кетуіне азық-түлік инфляциясы әсер етуде. Оның деңгейі 19,2 пайызға жетті. Жалпы, азық-түліктің кейбір түрі 80 пайызға қымбаттады.

3. Үкіметтің бағаны тұрақтандыру шаралары тиімсіз болып шықты. Үкімет инфляцияны ескі әдістермен тоқтатқысы келеді.

4. Тұрақтандыру қорларының қайтарымы төмен. Бұл қорлар көбінесе коррупцияның алаңына айналған.

5. Көтерме Сауда жүйесінде тәртіп орнату қажет. Алып-сатарлық, бағаны жасанды түрде көтеру проблемасымен күресу маңызды.

6. Күрделі геосаяси жағдайда еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамассыз ету – басты міндет. Әлемде Азық-түлікке бағаның өсуі 34 пайызға жеткен.

7. Біз қант бойынша, 90 пайыз импортқа тәуелдіміз! Үкіметке қант өнеркәсібін дамытудың жаңа жобасын жасап, іс-жүзіне асыру қажет!

8. Жастарды жұмыспен қамтуға баса назар аударатын кез келді.

Жыл сайын еңбек нарығына 300-мыңға жуық жастар шығады.

9. Жаңаөзен орташа еңбекақы ең жоғары деңгейі бойынша республикада көш бастап тұр. Жұрттың барлығын мұнай-газ саласында жұмысқа тұрғызу мүмкін емес. Мұны ашық айтуымыз қажет.

Жағдай өте күрделі, халықтың әлеуметтік жағдайы төмендеп келеді. Үкіметтің ең басты міндеті өте күрделі геосаяси жағдайда, геоэкономикалық турбуленттілік жағдайында халықтың әл-ауқатын сақтап тұру, - деді депутат.

Өзгелердің жаңалығы