Президент еліміздегі кедейшілік мәселесін ашық айтты – Сайыров

9 Ақпан 2022, 10:50
1561
Бөлісу:
Президент еліміздегі кедейшілік мәселесін ашық айтты – Сайыров

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзіне қатысты пікір білдірді. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында қоғамды, азаматтарды толғандырып жүрген көптеген мәселеге тоқталды. Президент еліміздегі кедейшілік мәселесін ашық айтты. Елімізде күн көріс дәрежесі төмен 1 млн-ға жуық халық бар. Олардың әлеуметтік деңгейін көтеру ең басты мәселе, - деді Сайыров. 

Депутат атағандай, халықты сапалы, жоғары дәрежелі жұмыс орындарымен қамтамассыз ету де маңызды проблема.

Сонымен бірге Президент «Алтын Орда» базарындағы заңсыздықтарды жоюға баса назар аударды. Біздің елімізде заңнан тыс топтар мен азаматтар болмауы тиіс. Бұл базарда салықтан жалтару, санитарлық нормаларды сақтау заңсыз алым-салық жию фактілері өте көп. Осы базардағы былыш-шылықты тазалай отырып, мелмекетке келген шығынды өтеу мәселесі де өзекті. Бұл проблема бойынша құқық қорғау органдарына нақты тапсырма берілді, - деді ол. 

Оның айтуынша, шетелге заңсыз шығарылған қаржыны іздеп, оны елге қайтару шаралары да өзекті.

 Халқымыздың еншісін елімізге қайтару мәселесі терең де, жүйелі жұмыстарды талап етеді. Дегенмен бұл мәселені күн тәртібіне қоюдың өзі күш-жігерді талап ететіндігі анық. Бүгінде шетке заңсыз шыққан қаржының сомасы 150- 200 млрд доллар деп есептелуде. «Қорғас» шекара бекетіндегі заңсыздықтарды тию жөнінде де қатал тапсырма берілді. 5,7 млрд доллар қолды болды деген күдік бар. Осы шығынды мелмекетке қайтарса, еліміздің көптеген әлеуметтік проблемалары шешілетіндігі анық, - дейді Сайыров. 

Депутат атап өткендей, енді басты міндет- ел болып осы берілген тапсырмалардың уақтылы, сапалы орындалуына бақылау жасау.

Мұндай ашық, бүкпесіз әңгіме Мемлекет басшысының халықтың мұң-мұқтажын орындауға дайын екендігін көрсетеді. Әділеттілік, теңдік принциптері нақты орнығып келеді деп айтуға барлық негіз бар, - деді  депутат.

Өзгелердің жаңалығы