Президент: Біреулердің жеке мүддесіне бола лобби жасауды жою қажет

15 Қаңтар 2021, 11:24
2450
Бөлісу:
Президент: Біреулердің жеке мүддесіне бола лобби жасауды жою қажет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламентінің бірінші сессиясының ашылуы барысында айтты.  

Мемлекет басшысы Парламенттің алдында тұрған маңызды екі міндет туралы айтты.

Бұл сапалы заңдар қабылдау және өзекті мәселелердің шешімін табатын өзекті орталыққа айналу. Жалпы еліміздің заңнама жүйесін кешенді түрде жетілдіру керек. Заң нормаларын әзірлеу барысында біреулердің жеке мүддесіне бола лобби жасауды түп-тамырымен жою қажет. Сіздер ең алдымен сайлаушылардың сұранысын басшылыққа алып, тәуекел мен қатердің барлығын саралауға тиіссіздер, - деді ол. 

Тоқаев депутаттар әрдайым қоғам тынысын аңғарып, тамырын дөп баса білгені жөн екенін айтты. 

Парламент ел мүддесі үшін аянбай қызмет ететін қайнаған жұмыс ортасы. Халқымыз бізден оң өзгерістер күтетінін әрдайым есте ұстаған абзал. Сондықтан шешім қабылдау кезінде асқан жауапкершілік таныту қажет. Барлық жоспар жемісті жүзеге асуы үшін еңбек етуіміз керек. Біз кез келген қиындықты жеңіп, биік белестерге шығамыз. Әділетті әрі өркендеген Қазақстанды бірге құрамыз, - деді Президент.


Өзгелердің жаңалығы