Президент бірқатар заңға қол қойды

12 Желтоқсан 2019, 18:51
10831
Бөлісу:
Президент бірқатар заңға қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Мемлекет басшысы "Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенцияға ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімдері туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы "2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


Өзгелердің жаңалығы