Президент баспасөз қызметі Дорофеевтің жақындарына көңіл айтты

30 Қаңтар 2021, 22:05
1652
Бөлісу:
Президент баспасөз қызметі Дорофеевтің жақындарына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Михаил Дорофеевтің қаза болуына байланысты артында қалған туған-туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы Берік Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Танымал журналист, мықты медиаменеджер, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Михаил Дорофеевтен кенеттен айырылып қалып, ашық күнде төбемізден жай түскендей болып отырмыз. Біз оны нағыз кәсіби маман ретінде білетін және құрметтейтін едік. Ол өзінің білімімен, тәжірибесімен, болмысымен кейінгі толқын әріптестеріне үлгі болып, тәрбие берді. Министрлікте жұмыс істеген кезімде оны баспасөз қызметінің қызметкерлеріне тренинг өткізуге шақырып едім. Сол кезде оның кәсіби шеберлігіне көзіміз жете түскен - деп жазды ол.

Сонымен қатар Берік Уәли журналистің қаза болуына байланысты Президент Баспасөз қызметі атынан да көңіл айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Дорофеевке сұхбат берген кезде де бір-бірімізді толықтырып, тонның ішкі бауындай араласып жұмыс істедік. Жеке өзімнің және Президент Баспасөз қызметінің атынан Михаил Дорофеевтің жақындары мен туыстарына, әріптестеріме қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы