Президент Атом энергиясы туралы заңға қол қойды

25 Ақпан 2021, 17:51
2336
Бөлісу:
Президент Атом энергиясы туралы заңға қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, - делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Өзгелердің жаңалығы