Премьер-Министр Маңғыстауға келді

13 Мамыр 2022, 16:40
1573
Бөлісу:
Премьер-Министр Маңғыстауға келді
PHOTO

Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі.  Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Каспий порттарының экспорттық және транзиттік әлеуетін белсенді түрде пайдалануды тапсырды. 

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді. Үкімет басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен және бірқатар өнеркәсіптік, инфрақұрылымдық және туристік нысандардың жұмысымен танысты.

Алдымен Әлихан Смайылов көрнекті саяси және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев атындағы мәдени орталыққа барды.  

Премьер-Министр Маңғыстауға келді

Әбіш Кекілбаевтың ескерткіші мен облыстық музейдің жаңа ғимараты 2019 жылғы қазан айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ашылды. Бірнеше жыл бойы музей қызметкерлері жазушының өмірі мен қызметі туралы материалдар, фотосуреттер мен құжаттар жинады, олар қазір әртүрлі тақырыптық экспозицияларда ұсынылған.  ҚР Премьер-Министрі жазушының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, жаңа мәдени орталықтың жұмысымен танысты.

Бұдан кейін Үкімет басшысы өңір тұрғындарын сумен қамтып отырған  «Каспий» тұщыту зауытына барды.

Зауыт теңіз суын табиғи тұздар мен минералдарды сақтай отырып, радиоактивті бөлшектерден, бактериялардан, вирустардан және басқа да қоспалардан тазартады. 

Бүгінгі таңда зауытта кеңейту жобасы аясында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол тәулігіне судың өнімділігін 40 мың текше метрге дейін арттыруға мүмкіндік береді. Жұмыстарды осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Премьер-Министр Маңғыстауға келді

Сумен жабдықтау – аймақ үшін, әсіресе жазғы кезеңде, ең өзекті мәселелердің бірі. Жылдан жылға тұщыт

қыш қондырғылар қуатының жетіспеушілігі сезіледі. Осыған байланысты Үкімет зауыттың өнімділігін екі есе арттыру үшін оны жаңғыртуға 12 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Бұл мәселе Мемлекет басшысының бақылауына алынған. Барлық жұмысты сапалы әрі уақытында жүргізу қажет, — деді Премьер-Министр.

Одан әрі Әлихан Смайылов Қазақстандағы аммиак және аммиак селитрасын өндіретін жалғыз кәсіпорын – «ҚазАзот» АҚ-ға барып, онда жаңа бейтараптандыру және буландыру бөлімшесін іске қосу рәсіміне қатысты.

Жаңа нысан компанияға өнім көлемін жылына 380 мың тоннадан 415 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді деген жоспар бар. Жобаны іске асыруға 6,3 млрд теңге жеке инвестициялар бағытталды.

Премьер-Министр Үкімет еліміздің өнеркәсіптік дамуын ынталандыру бойынша кешенді шаралар қабылдап жатқанын айтты. Атап айтқанда, «ҚазАзот» АҚ әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында бірнеше рет қолдауға ие болды. Компания қолданыстағы өндірісті жаңғыртуға және жаңа технологияларды енгізуге қаражат инвестициялауды жалғастырып келеді. Зауытта жаңа жұмыс орындары құрылуда, мамандар оқытылып, қайта даярланады.

Премьер-Министр Маңғыстауға келді

Өңірдің ерекшелігін ескере отырып, табиғи газ түріндегі меншікті шикізатының болуы компанияға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін минералдық тыңайтқыштар өндірісін одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі облыс әкімдігімен бірлесіп, жұмыс орындарын ашып, жаңа өнімдер шығаруы үшін “ҚазАзотқа” көрсетілетін қолдауды күшейтуі керек, деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ Премьер-Министр жұмыс сапары барысында Каспий теңізінің шығыс жағалауында бірнеше халықаралық көлік дәліздерінің қиылысу нүктесінде орналасқан Ақтау теңіз сауда портына барды.

Портта шығыстан батысқа, солтүстіктен оңтүстікке және кері қарай Иран, Түркия, Ресей және Әзербайжан бағытында жүк тасымалданады. Бұл – Каспийдегі ең ірі көлік торабы.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ақтау портының базасында кемінде 19 га алаңда контейнерлік хаб салу жоспары бар. Құрғақ жүк айлақтарының қуатын ұлғайтуды көздейтін жобаға көптеген шетелдік компаниялар қызығушылық танытып отыр, бұл теңіз портының контейнерлік парк пен сервистің ірі торабына айналуына жол ашады.

Премьер-Министр Маңғыстауға келді

Маңғыстау облысының халықаралық маңызы бар, ауқымды көлік-логистикалық және инфрақұрылымдық-сервистік әлеуеті зор. Алайда еліміздің теңіз порттарының мүмкіндіктері толық пайдаланылмайды, ал жүктеме орта есеппен 21%-ды ғана құрайды. Бұл жағдайды өзгерту қажет. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі “Қазақстан темір жолы” АҚ-мен бірлесіп, Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша экспорттық жүктерді бағыттау арқылы Ақтау және Құрық теңіз порттарының жүктемесін ұлғайту мәселесін пысықтауы қажет, — деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ өңірде Премьер-Министр туристік аймақ объектілерінің, оның ішінде «Aqualina Resort» курорттық-қонақ үй кешенінің, «Double Tree by Hilton» қонақ үйінің және сауда қатарлары бар «Fairmont» қонақ үйінің құрылысының жүрісімен танысты.

Жаңа нысандарды іске қосудың арқасында аймаққа туристер ағынын екі есеге арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы