Премьер-министр инвесторларға үндеу жасады

5 Наурыз 2024, 22:23
624
Бөлісу:
Премьер-министр инвесторларға үндеу жасады
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-министр Олжас Бектенов инвесторларға үндеу жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Үкіметі отандық және шетелдік бизнеспен өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға мүдделі.

Қазақстан тұрақты түрде ұзақ мерзімді инвестициялар ағыны үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауға ұмтылуда.

Үкімет Қазақстанда заманауи жоғары құнды өндіріс орындарын ашуға, технологияның дамуын ілгерілетуге және инновациялық кәсіпорындар құруға бағытталған әрбір ірі инвестициялық жобаға қолдау көрсетуге кепілдік береді.

Инвесторларға инфрақұрылымдық, консультативтік қолдау және өнімдерін өткізуге көмек көрсетіледі.

Сіздер мемлекеттік және құқық қорғау органдары тарапынан ешқандай қысым көрмейсіздер. Оған ешқандай күмән болмасын. Керісінше, Үкімет сіздерге сенімді әрі ашық әріптес болады, - деді Үкімет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы