Праймериз: Университет оқытушылары дауыс берді

3 Қазан 2020, 14:43
1474
Бөлісу:
Праймериз: Университет оқытушылары дауыс берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Nur Otan» партиясының партияішілік сайлау яғни, праймеризі – электронды дауыс беру негізінде жүзеге асып жатыр. Жалпы өзімнің ойым – бұл жақсы дүние, деді философия ғылымдарының докторы, профессор Әміреқұл Әбуов.

Жалпы өзімнің ойым – бұл жақсы дүние.  Неге десеңіздер, әркім өзінің берген дауысын қарап, бақылап отыра алады. Былайша айтқанда, іріктеу сайлауы  ашық әрі әділ өтеді деген сөз. Елімізде тұңғыш  рет өткізіліп жатқандықтан алғашқы күнгі дауыс беру кезеңінде аз-маз қиындықтар да туындағанын жасырмаймыз. Өйткені қосымшаға бір мезетте қаншама мың адам кірді. Бұл жайт қосымшаның үздіксіз істеуіне тосқауыл болды. Әрине, бұл әзірге бастамасы, келешекте елімізде праймериз тиімді қолданылынып, жақсы жолға қойылады деп ойлаймын.

Ал, біздің Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде  «Тұран» бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді. Онда  мыңнан астам партия мүшесі бар. Олар авторизациядан өтіп, онлайн дауыс беру құқығына ие болды. Білім, ғылым саласындағы әріптестеріміз өз таңдауын жасап, белсенділік танытты, - деді профессор. 


Өзгелердің жаңалығы