Пойыздар неге кешігеді?

11 Шілде 2022, 22:10
1854
Бөлісу:
Пойыздар неге кешігеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Желмая» жобасына сұхбат берген «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілі Мәди Мұхамедқали мәлімдеді. 

Айтуынша, республикада пойыздардың жүру жылдамдығын үнемі қадағалау ұстап отыратын арнайы компания бар.

Бізде «Қазақстан Теміржолы» компаниясында «Жолаушылар тасымалы» АҚ-нан бөлек, магистралдық торап жұмыс істейді. Олар пойыздың жүру жылдамдығын жіті бақылап отырады. Ал біздің акционерлік қоғам вагондарды ғана бақылайды. Пойыздың кешігуіне келер болсақ, кейде жүк тасымалдайтын пойыз сол рельспен жүруі мүмкін. Пойыздар бір-біріне соғылып қалмас үшін кідірістер болады. Кейде жөндеу жұмыстарының орын алуы да пойыздың кестеден кешігуіне себеп, - деді компанияның ресми өкілі. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Мәди Мұхамедқали елімізде әйелдер вагоны жұмыс істеп тұрғанын айтқан болатын. Өткен жылы қолға алынған жоба жазда уақытша тоқтап тұрғанымен, күзгі маусымда басқа да бағыттар бойынша қатынайтын әйелдер вагоны жұмысын қайта жандандырады. Яғни компания өкілі мәлімдегендей, тағы қосымша 5-6 бағытта әйелдер вагонына билеттер сатыла бастайды.

Өзгелердің жаңалығы