ҚТЖ комиссиясы пойыздағы өртке қатысты тергеу жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚТЖ" ҰК"АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2022 жылғы 8 қазандасағат 2:35-те№22 "Қызылорда-Семей" жолаушылар пойызы вагонында туындаған өртке байланысты Түлкібас-Тараз учаскесінде шұғыл аялдама жасады. Жолаушылар арасында құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Вагонның бес купесінде шарпыған от өрт сөндіру қызметтері мен пойыз бригадасы қызметкерлерінің бірлескен жедел әрекеттерімен сөндірілді. Вагоннан жолаушылар пойыз құрамында бос орындарға отырғызылды. Пойыз сағат 6-дан 6 минут өткенде жолға шықты, делінген хабарламада.
Тексеріс жүргізу үшін "ҚТЖ" ҰК" АҚ-да комиссия құрылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Қызылорда – Семей» жолаушылар пойызынан өрт шыққанын хабарлаған болатынбыз.
Оқи отырыңыз: