Полиция қызметкерлері арасында волейболдан сайыс өтті

6 Қараша 2019, 10:23
2838
Бөлісу:
Полиция қызметкерлері арасында волейболдан сайыс өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы МКҚБ-ның ұйымдастыруымен "Алатау" спорт кешенінде валейболдан жарыс өтті. 

Жарыстың ашылу құрметіне ҚР Мемлекеттік Гимні орындалып, Орталық күзет полициясы басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Е. Нұржігітов құттықтау сөз сөйледі.  

Жарысқа ІІМ МКҚБ, елордалық күзет полициясы басқармасы, ҮМКжПП, ДӨКжПП командалары қатысты. 

Тартысты өткен жарыста 3-орынды Нұр-Сұлтан қаласы МКҚБ, 2-орынды ҮМКжПП командасы місе тұтса, жүлделі 1-орынды және ауыспалы кубокты ІІМ МКҚБ (Нұр-Сұлтан қ.) командасы жеңіп алды. 

 Елорадалық гарнизондағы күзет полициясы қызметкерлерінің арасында өткен жарыста жекелеген номинациясы бойынша "Үздік қорғаушы" атағын ДӨКжПП командасының ойыншысы Қаржаубай Жамбыл, "Үздік үлестіруші" атағын ҮМКжПП командасының ойыншысы Абайұлы Азамат, "Үздік шабуылшы" атағын Нұр-Сұлтан қаласының МКҚБ командасының ойыншысы Әбдеш Нұралы, "Үздік ойыншы" атағын МКҚБ (Нұр-Сұлтан қ.) командасының ойыншысы Сарбасов Айдар иеленді.

Ойын соңында МКҚБ-ның бастығының орынбасары полиция подполковнигі О.Омаров жарысқа атсалысқан командаларға алғыс айтты.

Өзгелердің жаңалығы