Полиция іздеу жарияланған Шүменовке қатысты түсініктеме берді

24 Шілде 2023, 11:24
1066
Бөлісу:
Полиция іздеу жарияланған Шүменовке қатысты түсініктеме берді
Фото: BAQ.KZ - архив

ҚР ІІМ Астанада Mega Silkway сауда-ойын-сауық орталығында төбелес шығарған белгілі спортшы Бейбіт Шүменовке қатысты түсініктеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

18 маусымда Mega Silkway-де болған оқиғаға байланысты Астана қаласы Полиция департаменті Бейбіт Шүменовке қатысты ҚР ҚК 293-бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Сонымен қоса қылмыстық-процессуалдық заңнамаға сәйкес аталған азаматқа қатысты ресми түрде халықаралық іздеу жарияланды, - деді қалалық ПД өкілдері.

Еске салсақ, 2023 жылғы 18 маусымда елордадағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде екі ер адам бала үшін сөзге келіп қалып, арты төбелеске ұласқан. Төбелесте бала ұстаған ер адамды соққыға жыққан белгілі боксшы Бейбіт Шүменов екені анықталды.

Оқиға 18 маусымда болса да, дүйім жұртқа шілдеде белгілі болды. Аталған жайтқа қатысты Ішкі істер вице-министрі Қайрат Сүнтаев пікір білдіріп, бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Кейіннен Шүменовтің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында істің мән-жайын баяндап берді. Бейбіт Шүменовке қатысты сыннан кейін оның әйелі АҚШ елшілігіне жүгінген.

Бұдан бөлек зардап шеккен адам қырғызстандық болғандықтан, аталған іске қырғыз тарапы да араласқан болатын.

Бүгін Шүменовке іздеу жарияланғаны анықталды.

Өзгелердің жаңалығы