Балалы әкені соққыға жыққан Шүменов өз нұсқасын айтты

12 Шілде 2023, 16:11
9592
Бөлісу:
Балалы әкені соққыға жыққан Шүменов өз нұсқасын айтты

Әлеуметтік желіде елордадағы сауда орталықтарының бірінде төбелескен боксшы Бейбіт Шүменовке қатысты таралған видеоны талқылаушылар көп. Осыған байланысты спортшы Инстаграмдағы парақшасында болған оқиға бойынша өз нұсқасын айтып, пікірін білдірді.

Қарқынды дамып келе жатқан ақпараттық дәуірімізде кез-келген адамды теріс  жағынан көрсетуге болатындығын жақсы білесіздер. Кез келген видеоны адамды қаралау үшін ыңғайына қарай монтаждап, өзіне қажет ракурста көрсетуге әбден болады. Сондықтан әртүрлі болжамдар болмас үшін мынаны айтқым келеді:

Менің 8 жасар ұлым сол күні балалар алаңында ойнап жүрген кезде оның қасына бөтен  бала келіп, себепсіз арқасынан ұра бастайды. Ұлым бұл баланың қасынан алыстау кетіп, өзі ойнай бастаған. Бірнеше минуттан кейін ол бала қайтып келіп, ұлыма қайта тиіскен соң, ол тағы да басқа жерге қашып кеткен. Содан кейін, әлгі адам келіп баласын ойын алаңынан алып кетті. Мұндайға үйренбеген балам үшін бұл кәдімгідей стресс болды. Ұлым баланың оған шабуыл жасағанын айтып, қызарып және тырналып қалған арқасын көрсетті. Сосын мен әлгі адамның қасына барып, баласының іс-әрекеті туралы айттым. Ол маған агрессивті түрде: Иә, әкесі - менмін. Ұрды. Не істейсің ал?, - деп жауап берді, - деп жазды ол.

Баланың әкесінің жауабы боксшыны қатты таңқалдырған.

Оның сөздері мен агрессиясы мені қатты таңқалдырды. Мен баламды қоғамдық жердегі ойын алаңына ұрғызу үшін емес, жақсы дем алып қайту үшін апардым. Сондықтан мен оған: Сен не айтып тұрсың?,  деп мойнынан ұстаған кезде, ол үстелде тұрған шанышқыны алып маған шабуылдады. Мен сытылып үлгердім. Одан кейін қолына тағы да ас пышағын алып тағы шабуылдады. Сол кезде мен де ашуға бастым, өйткені бұл жағдайда мен тек баламды ғана емес, өзімді де қорғауым керек болды. Көп оқырман неге бала ұстап тұрған адамға шабуылдайсың деп мені айыптап жатқаны рас, ал ана жігіттің баланы өзіне қалқан ретінде ұстап тұрғыны өрескел емес пе? Осыдан кейін бізді Есіл ауданының полиция бөліміне жеткізді. Баланың анасы бізбен бірге жүрді, сәлден кейін-ақ балалар полиция бөлімшесінде ештеңе болмағандай тіл табысып ойнап кетті. Анасы болса баласының денсаулығында ауытқу барын айтып, менен, баламнан және әйелімнен кешірім сұрады. Мен ол кісіге барынша төзімділік пен баласының сауығып кетуін тіледім. Біз осылайша ымыраға келіп қоштастық, - деп жазды Бейбіт Шүменов.

Еске сала кетейік, осыған дейін ІІМ төбелес ашқан Бейбіт Шүменов туралы пікір білдіргені туралы жазған едік.

Өзгелердің жаңалығы