Полицейлер жоғалған баланы ата-анасымен табыстырды

12 Наурыз 2020, 20:25
1240
Бөлісу:
Полицейлер жоғалған баланы ата-анасымен табыстырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар сауда үйлерінің бірінде қыз бала адасып қалды. Облыстық полиция департаментінің қызметкері Айдана Әмірова жылап тұрған қызды Лермонтов-Бектұров көшелерінің қиылысында байқап қалған. 

Жылаған баланы жұбатып, “102”-ге қоңырау шалады. Келген автопатруль жағалған 7 жастағы қызды Павлодар қалалық ІІБ Орталық полиция бөліміне алып кетті. 

Өзінің жасына қарамастан Анеля полицейлерге туған-туысқандарының есімдерін, өзінің мекенжайын жатқа айта білді. Полиция қызметкерлері мәліметтерді тексеріп, әкесінің деректерін және телефон нөмірін анықтады. Баланың әкесі мен әжесі полиция бөліміне сол бойда жетті. 

Кейіннен анықталғандай, оқушы қыз отбасымен бірге 1 мамыр көшесінде орналасқан сауда үйіне барған. Үйге қайтарда Анель машинаға қарай жүгіріп кеткен, бірақ басқа біреудің көлігімен шатастырып алыпты. Адасып кетуінің себебі де сол. Әкесі баланы қанша іздегенімен таба алмапты. 

Анельдің туған-туыстары полиция қызметкерлеріне және Айданаға қырағылық танытқаны үшін шын жүректен алғыс білдірді.

Өзгелердің жаңалығы