Полицейлер балконның шатырынан секіріп кетпек болған қызды құтқарып қалды

9 Қараша 2019, 10:25
3871
Бөлісу:
Полицейлер балконның шатырынан секіріп кетпек болған қызды құтқарып қалды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда 24 жастағы қыз отбасылық ұрсыстан кейін тоғыз қабатты үйдің шатырына шығып алып, секірмек болған.

Оны полиция қызметкерлері құтқарып қалды.

102 нөміріне Қарағандының Оңтүстік-шығыс ауданынан қоңырау келіп түскен. Сатыбалдин көшесінің тұрғыны диспетчерлерге қарсы беттегі үйдің шатырында қыз баланың отырғанын хабарлаған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері полиция лейтенанты - Ерасыл Мұрат пен сержант Бекзат Омашев аттанған.

Полицейлер үйдің шатырына шыққанда қыздың балконның шатырына шығып кеткенін көреді.

Біреуі қыздың көңілін аулап сөзге тартады. Екінші полиция қызметкері қыз отырған балконның шатырына түсіп, оны құтқарып қалады.

Қазір қыз баламен психологтар жұмыс жасап жатыр.

Полицейлер болса, өздерінің әрекеттерін ерлікке санамайды. Ойлануға мүмкіндік болмай, бірден оқиға барысы бойынша жұмыс жасағандарын айтады.


Біз оның назарын басқа жаққа аударуға тырыстық. Әлі жас екенін, өмірі алда екенін айттық. Ол жылап отырды. Бірақ, бізбен сөйлесті. Ашуланбады. Мен сол кезде балконның шатырына секіріп, оны ұстап алдым. Бірнеше минуттай қозғалыссыз отырдық. Сөйтіп оны сабырға шақырып, тыныштандырдым, - дейді Бекзат Омашев.




Өзгелердің жаңалығы