Полиция шақыру комиссиясына келмеген азаматтарды іздестіруде

22 Қазан 2020, 20:06
1372
Бөлісу:
Полиция шақыру комиссиясына келмеген азаматтарды іздестіруде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің әскери қызметшілері мен полиция шақыру комиссиясында жоқ әскери міндеттілерді табу бойынша бірлескен іс-шаралар өткізуде. 

Рейдтер жыл сайын көктемгі-күзгі әскерге шақыру науқаны кезінде тек елордада ғана емес, сонымен бірге еліміздің барлық аймағында ұйымдастырылады.

Біз мобильді топтар құрып, адам көп жиналатын орындарда - сауда орталықтарында, базарларда, ойын-сауық мекемелерінде және т.б. қорғаныс ведомстволарында әскери есепте тұрмаған әскери жастағы адамдарды анықтауға және іздеуге бағытталған ашық іс-шаралар ұйымдастырамыз. Аймақтардан елордаға келіп, тіркеу ережелерін бұзған көптеген жас анықталды. Өйткені, егер тіркеу болмаса, сәйкесінше олар әскери есепте жоқ. Өңірлердің шақыру кеңселері оларды мекен жайларынан таба алмайды. Өйткені бұл азаматтар елордаға және басқа да мегаполистерге бұрынғы тіркелген жеріндегі әскери есепке алынбай кетіп қалады. Біздің полициямен бірлескен іс-шараларымыздың нәтижесінде нормативтік ережелерге сәйкес әскери есепке алу және қалаға келетін бірқатар азаматты тіркеу жыл сайын жүргізіліп келеді. Сонымен бірге әскери жастағы жастарды медициналық шақыру комиссиясынан өтуге жібереді. Босатылуға және мерзімді әскери қызметке шақырылуға құқығы жоқтар комиссияның шешімі бойынша конституциялық борышын орындау үшін жедел әскери қызметке жіберіледі, - деді елорда Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Артур Каскарауов.

Тәжірибе көрсеткендей, жыл сайын елордадан жедел әскери қызметке шақырылатын жас сарбаздардың 20-25%-ы рейдтер барысында анықталған әскерилер. Құқық қорғау органдары бұл шаралардың келген жастардың жұмыспен қамтылуына оң әсер ететініне сенімді.

 


Өзгелердің жаңалығы