Петропавлда жыл басынан 26 сотталған жұмыспен қамтылды

2 Наурыз 2022, 06:40
1319
Бөлісу:
Петропавлда жыл басынан 26 сотталған жұмыспен қамтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавлда жыл басынан 26 сотталған жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО бойынша ҚАЖД Петропавл қаласы пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері Петропавл қаласы жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп З. есімді сотталғанды жұмысқа орналастыру бойынша қажетті шараларды жүргізді.

Шара қорытындысы бойынша сотталған «Пилон» құрылыс компаниясына әр түрлі жұмысшы ретінде жұмысқа орналасты.

Жыл басынан бері пробация есебінде тұрған 26 сотталған жұмысқа орналастырылған.

Өзгелердің жаңалығы