Түркістан облысында халықаралық іздеуде жүрген шетел азаматы ұсталды.
Полиция қызметкерлері бес жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген 44 жастағы шетел азаматын Түркістан облысында ұстады.
Ер адам Мақтаарал ауданында көші-қон заңнамасының сақталуын тексеру барысында анықталған.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ол жүрген жерінен ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Тексеру барысында шетел азаматының бұған дейін ұрлық жасағаны үшін сотталғаны және 2021 жылдан бері халықаралық іздеуде жүргені анықталды. Қазіргі таңда ол қамауда, - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Айта кетейік, «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Түркістан облысының аумағында заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 26 шетел азаматы анықталды.
polisia.kz
Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, олардың 16-сы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды. Полицейлер көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде полиция қызметкерлері көлігін тастай салып, тұра қашқан хромтаулық жүргізушіні ұстады.