Петропавлда ЖЭО-ны жөндеуге 17,5 млрд теңге бөлінеді

17 Сәуір 2022, 13:30
1607
Бөлісу:
Петропавлда ЖЭО-ны жөндеуге 17,5 млрд теңге бөлінеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Энергетика министрі Болат Ақшолақов Петропавлдағы ЖЭО-да болып, энергетикалық кешеннің жағдайымен танысты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз орталығы.

Жылу орталығын аралағаннан кейін министрлік, облыс әкімдігі, энергетика және ТКШ басқармасы өкілдерінің және станса басшылығының қатысуымен Петропавл ЖЭО жұмыс істеуін қалыпқа келтіру мәселелері бойынша кеңес өтті. 

Кеңесте 2021 жылы жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарының көлемі, апаттық аялдамалар, ЖЭО-ның алдағы жылыту маусымына уақытылы, сапалы дайындық мәселелері талқыланды.

Петропавл ЖЭО-2 жұмысын қалыпқа келтіру бойынша жол картасы әзірленді.

Жол картасы іс-шараларды іске асыруды қаржыландырудың жалпы сомасы 17,5 млрд теңге болатын бес блокқа бөлінген, бұл ЖЭО-ның алдағы жылыту маусымына уақтылы және сапалы дайындығын қамтамасыз етеді.

Энергетика министрлігінде Петропавл ЖЭО 1961 жылы пайдалануға берілгенін еске салды. Бұл – СҚО-дағы электр және жылу энергиясының жалғыз көзі. Стансаның белгіленген электр қуаты 541 МВт құрайды, жылу қуаты – 713 Гкал/сағ.

Өзгелердің жаңалығы