Петропавлда ЖЭО директоры мен бас инженері ұсталды

22 Наурыз 2022, 09:55
1576
Бөлісу:
Петропавлда ЖЭО директоры мен бас инженері ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тергеу барысын облыс прокуроры мен СҚО ПД бастығы бақылауға алды. Сонымен қатар облыс прокуратурасы бақылаушы органдардың қызметіне талдау жүргізеді.

Петропавл ЖЭО-2 директоры мен бас инженері түтін мұржасының құлауы туралы іс бойынша ұсталды, деп хабарлады СҚО Прокуратурасы.

Іс ҚК 254-бабы "Міндеттеріне адал қарамау" бойынша тергеліп жатыр.

21 наурызда Петропавл полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына ЖШС ЖЭО-2 директоры, сондай-ақ осы серіктестіктің бас инженері қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу аясында іс бойынша барлық мән – жайларды анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізілуде, - делінген ақпаратта.

Тергеу барысын облыс прокуроры мен СҚО полиция департаментінің бастығы бақылауға алды.

Сондай-ақ, прокуратура бақылаушы органдардың қызметіне талдау жүргізеді, оның нәтижелері бойынша жауапты лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне баға беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, Петропавлда ЖЭО-2 құбыры құлаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы