Петропавлда үйі өртеніп кеткен 7 отбасына уақытша баспана беріледі

8 Мамыр 2023, 18:44
789
Бөлісу:
Петропавлда үйі өртеніп кеткен 7 отбасына уақытша баспана беріледі
Фото: 24.kz

Петропавлда жеті отбасы өрттің салдарынан баспанасыз қалды. Қазір олар мектепте ашылған эвакуациялық пункте тұрып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров өрттен зардап шеккендер уақытша баспанамен қамтылатынын айтты.

Береке шағынауданында өрт шығып, бүлінген үйлердің тұрғындары №25 мектептегі эвакуациялық пунктіне уақытша орналасты. Олар тамақ және жатын орынмен қамтамасыз етілді.Өрттен зардап шеккендермен кездестім. Арнайы комиссия құрылды. Тұрғындар уақытша баспанамен қамтамасыз етіледі, - деп жазды облыс басшысы Айдарбек Сапаров facebook парақшасында.

Естеріңізге салайық, кеше Петропавлдағы Береке ықшамауданында қамыс жанып, арты үлкен өртке ұласты. Салдарынан 40 адамды қауіпсіз жерге шығаруға тура келді.

Қатты жел жалынды ауыздықтауға мұрша бермей, 140-қа жуық маман өртті 3 сағат бойы сөндірді.

Өрт кезінде 9 баспана (екеуі бос тұрған), кәсіпорынның гаражы және 3 автобус түгі қалмай жанып кетті.

Бұған дейін Петропавлдағы 5-Сенная көшесінде қамыс өртеніп, жалынның жеке тұрғын үйлерге жайылған. Салдарынан 9 үйдің жанып кеткенін айтқан болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы