Петропавлдағы қатты желдің салдарынан 9 үй жанып кетті

7 Мамыр 2023, 22:15
930
Бөлісу:
Петропавлдағы қатты желдің салдарынан 9 үй жанып кетті
Фото: tengrinews.kz

Петропавлда қатты желдің салдарынан «Береке» ықшамауданында 9 үй жанып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Солтүстік Қазақстан облысының және Петропавл қаласының әкімдері, төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы оқиға орнында. Штаб құрылды.

Сағат 19.00 шамасында «Береке» шағын ауданында қамыс өртеніп жатқаны жайында хабар түсті. Екпіні 15-20 м/с жететін қатты желдің салдарынан әрі күн ыстық болғандықтан өрт өте тығыз орналасқан жеке тұрғын үй секторына тез жайылды. Сол уақытта Петропавлда төрт жерден өрт шығып, біздің жұмысты қиындата түсті. Онда да қураған шөп жанды. Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды, бірақ толық ауыздықталған жоқ. Өйткені жел басылмай тұр. Әзірге шығын мөлшері туралы айтуға ерте. Осы уақытта 7 тұрғын үй және екі, біздің болжам бойынша, бос тұрған үй жанып кетті. Зардап шеккен адам бар. Қала тұрғыны қалалық ауруханаға қаралды. Өртті сөндіріп жатырмыз, - деді СҚО ТЖД бастығы Рамиль Камалов.

Бұған дейін Петропавлдағы 5-Сенная көшесінде қамыс өртеніп, жалынның жеке тұрғын үйлерге жайылған. Салдарынан 4 үй түгі қалмай жанып кеткенін айтқанбыз.

Өзгелердің жаңалығы