Петропавлда өртенген жатақханадан 100-ден аса адам эвакуацияланды

19 Ақпан 2023, 11:26
1161
Бөлісу:
Петропавлда өртенген жатақханадан 100-ден аса адам эвакуацияланды

18 ақпан күні түс ауа Горький көшесі, 172 мекенжайында орналасқан үйдің 2-қабатында өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қоғаммен байланыс тобының хабарлауынша, сенбі, 18 ақпан күні сағат 12:37-де секциялық типтегі жатақханада өрт шыққан. 

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 107 адамды эвакуациялады, оның 13-і балалар. Сағат 13:21-де өрт сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

Петропавловск.news-тың хабарлауынша өртті сөндіруге 13 техника мен 41 өрт сөндіруші мен құтқарушы жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы