Петропавл мектебіндегі жағдай: Смайылов министрлерге тапсырма берді

14 Ақпан 2023, 10:30
1152
Бөлісу:
Петропавл мектебіндегі жағдай: Смайылов министрлерге тапсырма берді

Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов Петропавл мектебіндегі жағдайдың күрделі екенін айтып, министрліктерге тапсырма берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл – өте қауіпті жағдай. Халық бұл мәселеге алаңдап отыр. Балаларының қауіпсіздігіне   алаңдамайтын отбасы жоқ. Мектептің ішінде де қауіптің барын көріп отырмыз, - деді Үкімет басшысы.

Премьер-министр осы себептен бұл мәселені қайта қарап, оқу орындарына тексеру жүргізу қажет екеніне тоқталды. 

Бейнекамералардың санын көбейтіп,   мектепке кіреберіс жерлерде бақылауды күшейту мәселесін қарау керек. Ішкі істер министрлігі   келісілген ұсыныстарды енгізсін. Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккен балаларды емдеуді ерекше бақылауға алсын, - деп тапсырма берді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Сонымен қатар Оқу-ағарту министрлігі Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктерімен бірлесіп, қауіпсіздік сабақтарын әзірлеуі керек. 

Смайылов балалар әр түрлі жағдайда өздерін қалай ұстау керегін нақты білуге тиіс екенін айтты.

13 ақпанда Петропавлда оқушы мектепке пышақ пен балта алып кіріп, оқушыларды жаралағанын жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы