Педофил өмір бойы түрмеде отырса, қылмысын қайталай алмайды – ІІМ

5 Ақпан 2024, 17:19
447
Бөлісу:
Педофил өмір бойы түрмеде отырса, қылмысын қайталай алмайды – ІІМ
Фото: - архив

Мәжілістегі комитет отырысының кулуарында ІІМ орынбасары Игорь Лепеха педлофилдерді хирургиялық кастрациялауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұрын 20 жылға бас бостандығынан айыру жайлы норма болған. Қазір ондай болмайды, енді тек бас бостандығынан өмір бойына айыру көзделген. Хирургиялық кастрация - өте даулы мәселе. Оны талқылау керек. Этикалық және адами тұрғыдан қарағанда бұл өте күрделі сұрақ. ІІМ бұл мәселені талқылады. Педофилдерді өмір бойына бас бостандығынан айыратын болсақ, оларды хирургиялық кастрациялаудың маңызы жоқ, - деді ІІМ өкілі.

Лепеха педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылса, ол қылмысын қайталай алмайтынын айтты.

Бас бостандығынан айырылып, кейін оның шығуына қатысты мәселеде бұл өзекті болар еді, - деді ол.

Бұған дейін депутат Елнұр Бейсенбаев педофилдерді хирургиялық кастрациялауды Үкімет қолдамағанын айтқан еді. 

Өзгелердің жаңалығы