Педофилдерге кастрация жасала ма

5 Ақпан 2024, 16:16
612
Бөлісу:
Педофилдерге кастрация жасала ма
Фото: -архив

Мәжіліс депутаты Ернұр Бейсенбаев хирургиялық кастрацияны Үкімет қолдамағанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жаңа ғана отырыста хирургиялық кастрация туралы айттым. Бізде норма болды, оны ұсындық. Бірақ Үкімет қолдамады. Оны педофилдің жеке өміріне қолсұғушылық деп таныды. Бізде қазір биологиялық, химиялық кастрация бар. Педофилдерге қатысты хирургиялық кастрацияны ұсынып отырмыз. Педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылатын норма енгіздік. Ал хирургиялық кастрацияны енгізу қажетін айтып отырғаным, ертең жаңа парламент пен депутаттар жаңа заң қабылдап, педофилдердің бостандыққа шығып кетпеуіне ешқандай кепілдік жоқ. Екіншіден, бұл педофилдерге осындай жаза қолданылуын алдын алуға септігін тигізеді, - деді Елнұр Бейсенбаев.

Депутаттың сөзінше, хирургиялық кастрацияны қолдануды сот шешеді.

Балаларға қатысты қатыгез зорлық-зомбылық болса, сот хирургиялық кастрация жайлы шешім қабылдай алады. Ал бізді Үкімет қолдамады. Халықаралық конвенция бойынша бұл азаптау болып саналады. Алайда біз міндетті түрде хирургиялық кастрацияны енгізу жайлы айтып отырған жоқпыз. Қажет болған жағдайда сот осындай шешім шығара алады. Бұл педофилдермен күресудегі алдын алу шарасы ғана, - деді Бейсенбаев.

Мәжілісменнің айтуына қарағанда, 2022 жылдың қорытындысы бойынша 430 балаларды зорлық-зомбылық құрбаны болған, ал жыныстық зорлық бойынша 800-ден астам қылмыс болған.

Өзгелердің жаңалығы