Павлодарлық сотталғандар жетім балаларға батпырауық жасап берді

1 Маусым 2022, 16:42
2767
Бөлісу:
Павлодарлық сотталғандар жетім балаларға батпырауық жасап берді
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысындағы түзету мекемесінде жазаларын өтеп жатқандар балалар үйінің тәрбиешілеріне тосынсыйлар жасады.

АП-162/4 мекемесінің жазасын өтеушілері балалар жылына орай бірқатар шараларын қолға алған.

Біздің мекемелерде шебер адамдар көп. Біз балалар жылына орай қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастыруды ұйғардық. Осы жолы Павлодар ауданындағы Розовка ауылындағы балалар үйінде болдық. Мерекеге орай сотталғандар жеткіншектер үшін батпырауықтар жасап берді. Қызметкерлеріміз шәкірттермен кездесіп, батпырауықты ұшыруға үйретті. Балаларымыз бақытты болсын!, - дейді мекеме басшысы Ербол Шәріпов.

Бүгінгі таңда отбасы типіндегі балалар үйінде төрт қыз және екі ұл бар. Олардың барлығы ата-ана қамқорлығынан айырылған. 

Айта кетейік, облыстың қылмыстық-атқару жүйесіндегі тағы бір мекеме балаларға арналған экологиялық таза ойыншық жасауды қолға алған. Бұл өндірістік деңгейге жеткен іске айналды. Сотталғандар ойыншық әзірлеуде бояу сияқты химиялық заттарды қолданбайды. Құрамында шеге де жоқ. Басты мақсат – табиғи әрі пайдалы өнім жасап беру. 

Ойыншықтарымызды «антигаджет» деп атаймыз. Өнімдер пластиктен жасалған заттарға қарағанда әлдеқайды сапалы. Зиянды иісі болмайды. Машина, констукторлар, құлтемірлер сияқты ойыншық өндіреміз. Оларды бұзып, қайта жинақтауға да болады, - дейді сотталғандар.

 

Өзгелердің жаңалығы