Павлодарлық шаруалар картоп өнімділігі бойынша рекорд орнатты

22 Қазан 2022, 13:38
1360
Бөлісу:
Павлодарлық шаруалар картоп өнімділігі бойынша рекорд орнатты
Фото: автордан

Ертіс өңірінің шаруалары картоп жинау бойынша рекордық көрсеткішке қол жеткізді, деп  хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өкілдерінің мәліметінше, биыл  өңірде күзгі дала жұмыстары 1 млн 351 мың гектерға жүргізілді. 

Өткен жылы астықтың бір миллион тоннадан артық бидай жиналды. Ал биылғы өнімділік еселенді. Яғни, 1, 25 миллион тоннаны құрады. Бір гектардан 11 центнер жиналды. Осы күнге дейін картоп пен көкөністерді жинау науқаны толық аяқталды. 25 мың гектар жерден 777 мы ңтонна картоп жиналды. Ал өткен жылғы көрсеткіш 602 мың тоннаны құраған. Өнімділік гектарынан 313 центнер. Жыл сайын облыс бойынша суармалы алқаптар  20-30 мың гектарға артып отыр, - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрболат Мақашев.

Айта кетейік, өңірде картоптың 460 мың тоннасын сақтауға арналған заманауи қоймалар бар. алдағы уақытта тағы 300 мың тоннаға шақталған нысандар пайда болмақ.

Мамандардың мәліметінше, аймақта соңғы үш жылда ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі үш есе артқан. Ал салада өндірілген өнім 171 миллирд теңгеден асты. Себебі, субсидия түріндегі қолдау шаралары тұрақты ұсынылады. Мәселен, жыл басынан бері облыс шаруаларына 2,4 млрд. теңге көлемінде көмек көрсетілген. 

Еске сала кетсек, өңірде алдағы жылдары суармалы алқаптар көлемі 300 мың гектарға  ұлғайту көзделген. Президент тапсырмасына орай сумен қамту және инженерлік мүмкіндіктер бар жерлерді айналымға енгізу бойынша жобалар жүзеге асырылып жатыр. 

Қазіргі таңда өңір аумағында суармалы жерлер көлемі 140 мың гектарға жеткен. Олардың 77 гектарында суару жүйесі енгізілген. Көкөніс өнімдері өсіріліп, заманауи технологиялардың көмегімен суарылып жатыр. Яғни, алқаптардың 70%-і қолданыста. 

Өзгелердің жаңалығы