Павлодарлық қоғамдық кітапханада бес мыңға жуық кітап жиналды

Павлодарлық қоғамдық кітапханада бес мыңға жуық кітап жиналды
PHOTO
978

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңіріндегі қоғамдық географиялық кітапханадағы қор бес мыңға жуық кітапқа жетті. Географиялық ғылымдарға арналған әдебиеттерді павлодарлық саяхатшылар алыс-жақын шетелден әкеліп тапсырған.

Қоғамдық кітапхананың ұйымдастырушысы Александр Вервекиннің айтуынша, коллекциядағы алғашқы кітап 22 жыл бұрын пайда болған. Ал жеті жыл бұрын кітапхана ресми түрде ашылды. 

Сол кезден бері қорымыз мыңдаған пайдалы әдебиетпен толықты. География, океания, кламатология, топырақтар географиясы, жолсапар очерктері, контурлық карталар. Қызықты бағыттар жетерлік. Бүгінде кез келген оқырман қоғамдық кітапханаға келіп, тың мағлұматтармен таныса алады. Біз түскен кітаптарды жүйелеп, тақырыптар бойынша топтастырамыз. Өзіміздің картотекамыз бен мөріміз бар. Кітапхананы жасақтауға Павлодар география үйінің белсенділері атсалысып жатыр, - дейді Александр Вервекин.

Айта кетейік, 1960 жылға дейін жарық көрген кітаптар сирек кездесетін құралдар қатарына жатады. Бүгінде кітапханада 19 ғасырдың басы мен 20 ғасырдың ортасында шыққан кітаптар 100-ге жеткен. 

Осындай кітаптарымызды арнайы сөреде сақтаймыз. Ерекше күтіп көрсетіледі. Кей кітаптарды антикварлық дүкендерден сатып алсақ, кейбіреулерін саяхатшыларымыз тарту кетті. Қазақ, орыс, ағылшын, француз тілдеріндегі кітаптар баршылық. Барлығы география білімдеріне немесе жақын ғылымдарға тиесілі. Біз қоғамдық кітапхананың жұмысын жүргізу арқылы халықты кітап оқуға шақырғымыз келеді. Қазірдің өзінде қызығушылық танытқан оқушылардың қарасы қалың, - дейді Александр Вервекин.

Павлодарлықтар басылымдардан бөлек көне жәдігерлерді де тапсырып жатады. Бүгінде экспонаттардан біртұтас музей де құрылды. Этнографиялық, палеонтологиялық, геологиялық коллекциялар бар.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы